«Сот отырысы барысында дыбыс - бейнежазба құралдарын қолдану ережесі» тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық  сотының  кеңсе меңгеруші Г.Несипбековамен сот мамандарының арасында сот отырысы барысында дыбыс - бейнежазба құралдарын қолдану, оларды сақтау мен  жою мәселелері бойынша оқып-үйрену семинары өткізілді.
Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, оны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу туралы  бекітілген қағидаларға сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асыратынын жеткізді.
Қазіргі барлық сот істері дыбыс - бейнежазба құралдарын қолдану арқылы жүргізілуде. Себебі сот жүйесінің алдына қойылған бірден-бір талап: сот істерін тез арада және сапалы түрде қарау болып отыр.
Осыған орай сот ісін жүргізудегі инновациялық технологиялар сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігінің кепілі болып табылады.
                                                                      
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі