Шу ауданында этникалық қазақтармен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу ауданында "Медиация және заң орталығы" Паритет" мекемесінің ұйымдастыруымен аудандағы этникалық қазақтармен кездесу өткізілді.
Кездесуге  "Медиация және заң орталығы" Паритет " мекемесінің директоры К.Данабаева, заңгер А.Кадыркулов, медиатор Р.Бахова, судья Ғ.Рахманқұлов, көші-қон полиция бастығы Б.Жиенбеков және Шу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімінің бастығы М.Абдибековтар қатысты.
Кездесудің мақсаты даулар мен келіспеушіліктерді шешуге кәсіби емес және кәсіби медиаторды, қоғамдық белсенділерді тарту болып табылды.
«Паритет» медиация  және заң орталығының басшысы  К.Данабаева өз баяндамасында халықаралық құқық қорғау орталығы медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін қолдану бойынша республикалық жобаны іске асырады деп атап өтті.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін шешу тетігі ретінде қоғамдық медиация институтын алға жылжыту, медиация институтын пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді, дауларды және келіспеушіліктерді шешу үшін беделі бар және құрметке ие қоғам көшбасшылары қатарынан медиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында судья F.Рахманкулов әлеуметтік өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын медиация институтын пайдалана отырып, жергілікті биліктер мен қауымдастықтар ресурстарын тарта отырып шешу жолдарын іздестіру қажет екені туралы айтып өтті.
Кездесуге катысушылар өзекті мәселелерді талқылады.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі