Шу аудандық сотында Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу  аудандық сотында кезекті Ашық есік күні өткізілді.
Аталған іс-шараға  Шу қаласының тұрғыны Т.А.Джунусбаев қатысып, жерге жеке меншік құқығын алу үшін сотқа арыздану туралы сауалдарын қойды.
Ауыл тұрғынының сауалдарына сот төрағасы міндетін атқарушы Е.Ілиясовпен заң тұрғысынан толықтай жауап берілді, сонымен бірге Азаматтық Процестік кодекстің нормаларын, атап айтқанда, істерді қарау мерзімдері, тараптарды СМС хабарламалары бойынша сот отырысына шақыру,  сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын қолдану, сот шешімдерінің заңды күшіне ену мерзімдері туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге, талап арызды «Сот кабинеті» арқылы сотқа тапсыруға болатынын және даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобасы туралы айтып өтті.
Әр уақытта сотқа келушілердің көкейтесті сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктер беріледі.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі