«Шетелдiктердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында судьялардың судьялыққа үміткер С.Чарипбекованың, Қордай аудандық прокуратураның, Қордай АІІБ-нің, сонымен қатар БАҚ-ның өкілдерінің қатысуымен «Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Судья А.Байтереков  өз сөзінде, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактіні және Қазақстан Республикасымен ратификациялаған өзге де халықаралық келісімдерді атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде жүрген шетелдікті шығарып жіберу туралы арызды қарау формальді болмауы қажет, соттар Қазақстан Республикасының Конституциясын және ратификацияланған халықаралық шарттардың ережелерін ескерулері керек.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырған кезде, тек қана заңмен белгіленген, басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздікті қорғауды, аумақтық тұтастықты, қоғамдық тәртіпті, қылмыстардың алдын алуды, имандылықты және халықтың денсаулығын қорғауды тиісті түрде қамтамасыз ететін шектеулер қолданылуы мүмкін.
Іс-шараның аяғында қатысушылармен көші-қон заңнамасын артыру бойынша мәселелер талқыланды.
                                         
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі