Резонанстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді.
Брифинг Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан лауазымды атқаратын адам бола тұра, бөтеннің мүлкін  сенімге қиянат жасау және алдау жолымен жымқыруға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеті, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған.) М.-ге қатысты болды. 
Брифинг барысында төрағалық етуші судья Г.Аманбаев, сотталушы М. лауазымды адам бола тұра,  азаматша Ж.-ны оған қатысты атқару өндірісі бар екенін сендіріп, оны орындаусыз кері қайтаруға мүмкіншілігі барын айтып, 200 000 теңге көлемінде ақшаны сенімге қиянат  жасау арқылы алаяқтық жолмен сұрағанын атап айтты.
Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бабпен меншігіндегі заңсыз жолмен  табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Брифинг барысында тілшілерді берілген санаттағы сотпен қаралған істердің саны және олардың қаралу нәтижелері жайындағы сұрақтар қызықтырды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
                                                             
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі