Рақымшылық бойынша жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында  сот үкімдерін орындау және мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бөлімінің сот орындаушысының сотталған К.-ны «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13-желтоқсандағы №27-VI Заңына сай  жазадан босату туралы ұсынысы қаралды.
Іс құжаттарына сай,  19.10.2015 жылғы  Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының үкімімен К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 991 000 теңге айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалып, сотталған.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13-желтоқсандағы №27-VI Заңының 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылықтар және  онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады.
Сотталғанға қатысты атқару құжатының толық орындалмауына байланысты, сот актілерін орындау бөлімінің сот орындаушысы сотқа сотталған К. рақымшылық актісінің негізінде жазадан босату туралы ұсыныспен жүгінген.
Тараз қаласы №2 сотының 12.05.2017 жылғы қаулысымен сот орындаушысының ұсынысы қанағаттандырылып, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 991 000 теңге айыппұл төлеуге сотты болған К. жазадан босатылған.
Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі