Өзбекстан Республикасының 40 азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық соты Өзбекстан Республикасының 40 азаматына қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5 бөлігі (көші-қоны заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.
Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың мамыр айының 23 жұлдызында  Қордай ауданы, Сортөбе ауылында Кірпіш зауытында, заңсыз жұмыс істеп жүрген жерлерінен Өзбекстан Республикасының 40 азаматы полиция қызметкерлерімен ұсталған. Олар, Қазақстан Республикасына келіп, жұмысқа орналасуға рұқсатты алмай еңбек қызметін жүзеге асырған, яғни ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
Қордай  аудандық сотының қаулысымен, Өзбекстан азаматтары ҚР-ның ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.                
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі