Нотариат пен мұрагерлік құқық туралы заңнаманы қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Нотариат пен мұрагерлік құқық туралы заңнаманы сот тәжірибесінде қолдану»   тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, мемлекеттік қызметшілері және «Құлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Аудандық соттың судьясы Л.Байтленова мұрагерлік дауларды шешу барысында туындайтын мұрагерлік құқық заңнамаларын қолдану мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, мұрагерді тану және мұрагерлікті қабылдау уақыттарын қалпына келтіру туралы, мұрагерлік өсиетті және мұрагерлікке құқықты жарамсыз деп тану т.б. мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, нотариалдық мәміле жасарда нотариус өкілдерінің іс-әрекетіне қатысты бірқатар мәселелердің туындайтынын атап өтті.
«Семинар сабақтың» соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі