Меркі аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» тақырыбына семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға аудандық соттың төрағасы А.Дәуренбеков, судьялар, сот кеңсесінің мемлекеттік қызметшілері  қатысты.
Сот төрағасы А.Дәуренбеков  өз баяндамасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын атап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет түрлерін түсіндіріп өтті.
Іс-шараның соңында  жемқорлыққа жол бермеу, алдын кесу мәселелері туралы судьяларға, сот қызметкерлеріне  іске қатысушылармен және сотқа келушілермен іс жүргізумен байланысты емес қарым-қатынас жасамау қажеттігін атап өтті.
 
Қайнар:  Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі