Медиация заңын қолдану тәртібін түсіндіру жұмысы жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы №6001-17-7-4/16  өкімімен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша  пилоттық жобаны іске асыру бойынша бекітілген кестеге сай  «Медиация – заман талабы» тақырыбында  насихат жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға  Талас аудандық сотының судьясы Л.Дукенбаева, Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы А.Майкенова, Талас аудандық сотының бас маманы А.Тұтқышбаева қатысты. Сонымен қатар  ауылдық окург әкімдері Б.Кенжеев, С.Мустафаев, С.Момбеков және ауылдық округтердің кәсіби емес негізде жұмыс істейтін медиаторлары, ауылдық округ тұрғындары  қатысты.
Іс-шара  барысында  судья Л.Дукенбаева  Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 2011 жылғы «Медиация туралы»  заңының ерекшеліктерін халыққа жалпы түсіндіріп, медиацияның қолдану тәртіптері, медиация қолданылатын істер,  заңмен белгіленген татуластыру рәсімдерін қолданып дауды медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен немесе бітімгершілік келісімге келу тәртібімен  шешу мәселесін кеңінен  халыққа түсіндірді. Сондай-ақ биылғы жылдың ақпан айынан бастап сотта «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша  пилоттық жобаның іске асырылып жатқанын айтты.
Судья Л.Дукенбаева өз сөзінде  жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде тараптарға татуласу рәсімдері, оның ішінде медиация, партисипативтік рәсім  тәртібімен немсесе бітімгершілік келісімге келу  толық қарастырылғанын атап көрсетіп,  медиацияны қолдану -  бұл уақыт талабы екендігін түсіндірді.    
Іс-шараның қорытындысы бойынша медиацияны насихаттау жұмысын жандандыру,  медиацияны қолданудың тиімділігін түсіндіру іс–шараларын одан әрі дамыту, сондай-ақ   кәсіпқой емес медиаторлар тізімін құру және ауылдық округтерде ашылған медиация кабинеттерінің жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды.
                                                            
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі