Медиация тәртібі тараптар арасындағы дауды реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық сотында талап қоюшы Л.-дің жауапкер Б.-ға кәмелет жасқа толған баланың орта мектептен кейінгі оқудың ақылы бөлімінде техникалық жүйедегі оқу мерзіміне  алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Л. Жамбыл политехникалық колледжінде білім алуына байланысты күтіп-бағу қаражатын, яғни жауапкер Б.-дан өзінің пайдасына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша шығындарды өндіруді сұраған.
Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмге келіп, татуласты, талап қоюшы өз талап арызынан бас тартты.
Аталған дауды реттеу туралы келiсiм сот ұйғарымымен  бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.   
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі