Мәдениет үйінің басшысына қатысты әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мәдениет үйінің басшысы С. (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) фактісі бойынша  әкімшілік жазаға тартылды.
Сотпен С. террористік тұрғыдан осал және мемлекеттік қорғауға жататын нысанның басшысы бола тұрып өзіне сеніп тапсырылған нысанды лаңкестікке қарсы қорғалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар бұзушылықтарға жол берген, яғни нысанды арнайы техникалық қорғаныс жүйесімен жабдықтау бойынша шаралар жүзеге асырылмағаны анықталған.
Қордай  аудандық сотының  қаулысымен С. ҚР-ның ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі