Қордай аудандық сотының судьясы «Береке» Гуманитарлық-техникалық колледжінде лекция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотының судьясы М.Алиманова және судьялыққа кандидат С.Чарипбекова «Береке» Гуманитарлық-техникалық колледжінде кездесуде болды.
Кездесу барысында судья М.Алиманова Гуманитарлық-техникалық колледж студенттеріне «Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс сабақ оқыды.
Судья М.Алиманова колледж студенттеріне сот-құқық саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер, заңдардың қолданылуы, сот өндірісінде ақпараттық технологияларды ендіру, судьялардың жауапкершілігі туралы айтып берді.
Студенттер болса белсенді түрде сұрақтар қойып, қолданыстағы заң нормаларына, «Сот кабинеті» функционалды сервисінің жұмысы, аудио, бейне жазбалар мен бейнеконференцбайланыс жүйесі, судьялық лауазымға кандидаттарға қойылатын талапға қатысты жауаптар алды.
Соңында колледж директоры Е.Сүлейманқұл судьяға студенттермен өткен қызықты кездесу үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулерді тұрақты өткізіп тұруды ұсынды.
                                                                
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі