Қордай аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарының сақталуы» тақырыбына семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Семинар сабаққа кеңсе меңгерушінің м.а. А.Альханова, соттың мемлекеттік қызметкерлері Т.Урустемов, Б.Сайпышева, З.Талмуханбетова, Л.Садуаева, сот приставы Ж.Беймбетова және  жетекші мамандар Н.Сайлаубек, Е.Нұри, Д.Нұрбек, Ж.Төлепбергенқызы, мұрағатшы К.Қабылтай қатысты.
А. Альханова  «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі бойынша пайдаланылған негізгі ұғымдарына, құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу, шығыс хат-хабарларды және құжаттарды рәсімдеу, жіберу тәртібіне, сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу, сот істерін  қарауға дейін рәсімдеу және адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету және т.б. талаптарына түсіндірме берді. 
Сот приставы Ж.Беймбетова аудандық сотының мамандарын түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс әрекеттері туралы жадынамамен таныстырып, жалпы тәртіпті сақтау бойынша айта  өтті.
Семинар сабақтың сонында  аудандық соттың кеңсе меңгерушісінің м.а.А.Альханова  мемлекеттік қызметкерлерге, сонымен қатар мемлекеттік  қызметке қадам басқан  қызметкерлерге аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарын қатаң сақтауды ескертті.  
                                                                         
Қайнар:  Қордай  аудандық сотының баспасөз қызметі