Қордай аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында студенттердің құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Аталған іс-шара аясында «Қордай Гуманитарлық экономикалық» колледжінің жетекшісі М.Серіковтың бастамашылығымен колледждің  студенттері Қордай аудандық сотына келді.
Судья М.Алиманова студентерді сот жүйесінің жұмысымен, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қарау тәртібін таныстыра өтті.  Содан соң, түлектер жаңа бейне құралдарымен  жабдықталған сот отырысының залдарын көріп шықты.
Іс шараның сонында «Гуманитарлық экономикалық Қордай» колледжінің жетекшісі М.Серіков студентердің атынан сот ұжымына назар аударғандары үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулер жиі өткізіліп тұруына ниеттерін білдірді.
                                                                                    
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі