Гендерлік саясаттың дамуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Облыс соттарында Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясатты дамыту аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Талас аудандық сотында «Гендерлік саясатты дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.  
Дөңгелек үстел жұмысына Талас аудандық сотының судьясы М.К.Байтасова, судья Б.А.Жармұхамбетов, кеңсе меңгерушісі А.Н.Калабаев, бас маман  К.Т.Татибекова, аудан әкімінің бас инспекторы Б.Тоқмырзаев, Талас аудандық ІІБ-нің ЮПТ инспекторы Л.Ә.Тұрсынхан, Талас аудандық ІІБ-нің аға тергеушісі Р.Д.Төлепбергенов  қатысты.
Судья М.К.Байтасова өз баяндамасында гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейтінін, Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылатынын атап өтті.  
Ары қарай дөңгелек үстелге қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың қоғам үшін маңыздылығын және осы бағытта атқарылатын жұмыстарға барынша ат салысу қажеттігін айтып өтті.
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Тажиеваның және сот қызметшілерінің қатысуымен «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңды талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.
А.Тажиева өз баяндамасында, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтінін айтты.
Сонымен қатар, бұл Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделетінін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратынын айтты.
Семинар сабағы барысында қатысушылар Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды және ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерін талқылады.
 
Қайнар: Талас аудандық және Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарының баспасөз қызметі