Дауды бейбітшілікпен шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында, талап қоюшы С.-ның жауапкер шаруа қожалығының басшысы А.-дан жер үлесін қайтарып алу туралы азаматтық  ісі қаралды.
Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп, оның шарттары бойынша жауапкер талап қоюшының жеке меншігіне жер учаскесін беруге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Процестік Кодексінің 277 бабына сай егерде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе, сот іс бойынша өндірісті қысқартады.         
Азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.                 
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі