Байзақ аудандық соты «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» тақырыбында семинар сабағын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық соты «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Семинар сабаққа судьялар мен соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Семинар сабақ барысында «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» тақырыбы талқыға салынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, заңда бекітілген тәртіппен жасалған және Қазақстан Республикасы Парламенті тиісті заң шығару жолымен ратификациялаған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның заңдарының алдында басым болады. Қолданылуы үшін заң шығару талап етілмейтін халықаралық шарттардың ережелері Қазақстан Республикасында тікелей қолданылады» - деді өз баяндамасында А.Назаркулов.
Сонымен қатар, А.Назаркулов азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуде халықаралық шарттардың маңызды рөлі бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті екендігін атап өтті.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар ой бөлісіп, тақырып бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі