Басқа әскери қызметкерді қорлағаны үшін әскери қызметкер жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 652-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
19.04.2017 жылы сағат 08:40 шамасында Тараз қаласының бір әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметкері қатардағы Ш. таңғы физикалық жаттығу өткізілгеннен кейін, ротаның жеке құрамының жуыну уақытысында жедел қызметінің әскери қызметкері қатардағы О-ны боқауыз сөз айтып, қорлаған. 
Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 1-бөлігінде  көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде немесе орындауға байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншiні қорлауы.
Істі қарау қорытындысы бойынша әскери қызметкер Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 652-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп табылып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.            
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі