«Азаматтық процессуалдық кодекс – сот жұмысын ашық, жедел, сапалы жүргізудің кепілі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы  Талас аудандық сотында судья Л.Дукенбаева Талас ауданының прокурорының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен «Азаматтық процессуалдық кодекс – сот жұмысын ашық, жедел, сапалы жүргізудің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. 
Дөңгелек үстелде судья Л.Ж.Дукенбаева  Азаматтық процестік кодексінің нормалары бойынша, судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттерге, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібіне  тоқталып өтті. Сонымен қатар сот істерінің қаралу мерзімдерінің қысқаруы, яғни істерді созбалаңға салмай тез қарау мүмкіндігі, кодексте бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу, азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа прокурордың қатысуын қысқарту, барлық сот процестеріне аудио-бейне тіркеуді енгізу, татуластыру рәсімдерін қолдану және тағы да басқа  маңызды мәселелерді атап өтті. 
Іс-шараның соңында қатысушылармен ұсыныстар шығарылды. Сонымен қатар, судья қатысушылардың басқа да бір қатар сұрақтарына жауап беріп, АПК-нің заңнамасын қолдану тәсілдерін түсіндіріп өтті.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі