Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық соты талап қоюшы   А.-ның  жауапкер  Б-ға қойған қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Талап қоюшы сотқа келтірген талап арызында жауапкердің 08.08.2014  жылы қарызға 40 000 теңге алып, бүгінгі күнге дейін қайтармағанын айтып, осы қарызды 5 307 теңге үстемақымен, сот шығындарымен қоса жауапкерден өндіріп беруді сұраған.
Аталған істі сот отырысында қарау барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келгендерін, ол бойынша жауапкер Б. талап қоюшы  А-ға 2017 жылдың 30 мамырына дейін 20000 (жиырма мың) теңге, 2017 жылдың 30 маусымына дейін 20000 (жиырма мың) теңге негізгі қарызын төлеп береді, талап қоюшы  А. 5307 (бес мың үш жүз жеті) теңге үстемақы өндіру жайлы бөлігінен бас тартатынын баяндап, сотқа аталған келісімді ұсынып, оны бекітіп беру жайлы өтінішхат келтірген.
Сарысу аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшы А-ның жауапкер  Б-дан қарызды өндіру туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, мемлекет кірісіне төленген 460 (төрт жүз алпыс) теңге мемлекеттік баж талап қоюшы А-ға кері қайтарылып, аталған азаматтық  іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар:  Сарысу  аудандық сотының баспасөз қызметі