Аса ірі мөлшердегі есірткіні тасымалдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз  иемденіп, сақтаған және тасымалдаған) көзделген қылмысты жасағанына айыпталғандар Б.Б. және К.Ш. қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушылар Б.Б. және К.Ш. 2015 жылдың қыркүйек айының басында екеуі алдын ала қылмыстық сөз байласып, Т.Рысқұлов ауданының құм жиегінде өсіп тұрған жабайы кендіркурайды өздерінің жеке бастарының құмары үшін шегу арқылы пайдалану мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз жинап алып, Меркі ауданының аумағына жасырып кеткен.
18 мамыр 2016 жылы Қарағанды қаласынан олар сотталушы К.Ш-ның басқаруындағы «LADA 21725» маркалы автокөлігімен келе жатып, Меркі ауданының аумағына өздері тығып кеткен, аса ірі мөлшердегі  есірткі затын алып, көлікке салып, Тараз қаласына қарай бара жатқан жолда 19.05.2016 жылы Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылының аумагында Жамбыл облысының ЖПБ қызметкерлерімен ұсталынған.      Сот үкімі бойынша:
Сотталушы Б.Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.
Сотталушы Ш.К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған осы баппен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
        
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі.