Адамдарды көлікпен тасуды лицензиясыз іске асырған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 463-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азаматша В-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
13.03.2017 жылы Жамбыл даңғылы бойында «Мади» жанар май аялдамасында тақырыптық тексеру барысында азаматша В. лицензиясыз адамдарды көлікпен тасу кәсіпкерлік қызметін, яғни өкілетті органдарының тиісті рұқсатынсыз іске асырғаны анықталған.
Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы В. ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде  көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса.
Істі қарау қорытындысы бойынша  құқық бұзушы В. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп табылып, оған әкімшілік жаза ретінде 23 824,5 (жиырма үш мың сегіз жүз жиырма төрт) теңге (елу) тиін   көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.            
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі