Адам өлтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату), айыпталып сотқа берілген М-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
Сотталушы М. жәбірленуші П-мен бірге спирттік ішімдігін ішкен. Ішімдік ішу барысында екеуінің арасында сөзбен келіспеушілік туындаған. Нәтижесінде сотталушы М. жәбірленуші П-ны құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату мақсатында ас үй пышағымен қаруланған және жәбірленуші П-ға кеуде қуысы, бел және іш тұсынан бірнеше рет жарақаттар келтірген.
Кеуде қуысы, бел және іш тұсынан алған шаншып-кесіліп кіру түріндегі дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші П. оқиға болған жерде қайтыс болған.
Соттың үкімімен М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 10 (он) жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.              
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі