Архив событий

26/10/2016

Шу аудандық сотында басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қаралды

26/10/2016
Сотталушы Д. 28.07.2016 жылы «Алматы-Қостанай» бағытындағы поезда келе жатып, вагон-мейрамханасынан сыра ішіп, екі шөлмек сыраны купеге ала келген. Купеге кірген полиция қызметкері оған, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға тартылатынын түсіндіріп, хаттама толтыру мақсатымен жолсеріктің купесіне өтуін сұранған

Жамбыл облысының судьялары «Қазақстан Республикасында 2017-2020 жылдар аралығындағы сотта білім беру стратегиясының» жобасын талқылады

26/10/2016

Жамбыл облыстық сотында «Қазақстан Республикасында 2017-2020 жылдар аралығындағы сотта білім беру стратегиясының жобасын талқылау» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

 

Қылмыстық іс медиация келісімімен қысқартылды

26/10/2016
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен) қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстық ісі медиация тәртібімен қаралып, қысқартылды

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі КММ-нің бухгалтері 47 миллионнан астам сомманы жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді

26/10/2016

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық  сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен, 314-бабының 1-бөлігімен (ҚК 16.07.1997 жылғы редакцияда), ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен, 369-бабының 1-бөлігімен айыпталған Маутбаева Балжан Шахмарданқызына қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасындағы 2017-2020 жылдар аралығында сотта білім беру стратегиясы» жобасы талқыланды

26/10/2016
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасындағы 2017-2020 жылдар аралығында сотта білім беру стратегиясы» жобасын талқылау бойынша семинар өтті. Аталған іс шараға Байзақ аудандық сотының судьясы А.Назаркулов, Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары және білімгерлері қатысты

Сот үкімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылды

26/10/2016
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтiру), айыпталып сотқа берілген А.Огизбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

«Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сараптама тағайындау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

26/10/2016
Жамбыл облысы Меркі аудандық сотында аудандық сотының судьяларының, Меркі аудандық ІІБ-нің, Меркі аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуларымен «Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сараптама тағайындау» тақырыбында семинар өткізілді