Тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық соты талап қоюшы М-нің жауапкер Б-мен араларындағы заңды некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Сотқа талап қоюшы жауапкермен араларында орын алған түсініспеушілік пен сыйламаушылықтың салдарынан  бұдан ары бірге өмір сүру мүмкін болмайтындықтан заңды некені бұзу туралы талап қою арызын  келтірген.
Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келгендерін, ол бойынша талап қоюшының неке бұзу туралы өз талабынан бас тартатынын, ал жауапкер болса алдағы уақытта отбасын сақтап, баянды өмір сүру үшін талап қоюшымен бірге тұруға міндеттенетінін, сол себептен тараптар ары қарай да некелік (ерлі-зайыптылық) қатынастарын жалғастыра беретінін баяндап, сотқа аталған келісімді ұсынып, оны бекітіп беруді сұрады.
Соттың ұйғарымымен талап қоюшы М-ның жауапкер Б-мен араларындағы заңды некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі