Жамбыл облысының судьялары «Қазақстан Республикасында 2017-2020 жылдар аралығындағы сотта білім беру стратегиясының» жобасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотында «Қазақстан Республикасында 2017-2020 жылдар аралығындағы сотта білім беру стратегиясының жобасын талқылау» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Жамбыл облыстық сотының сот алқаларының төрағалары Ж.Рүстембеков, Н.Абидов, облыстық және аудандық соттардың судьялары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультетінің ғылыми қызметкерлері, облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары сот корпусының қалыптасу сұрақтарын талқылады. Әңгіме судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері біліктілігін арттырумен және қайта даярлаудан өтетін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы жайында жүрді.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының құрылуы жайындағы»  №198 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» Республикалық Мемлекеттік Мекемесінің құрылғандығын атап айтты.
«Институттың бар концепциясы сот корпусының студенттік кезден бастап және судьяның кәсіби қызметі ағымындағы мамандандырылып оқытылуына негізделген. Ең маңызды тапсырма – судья лауазымына үміткердің оқытылуы
Жоғарғы Сотының бақылауымен іске асуы қажет, жоғарғы сот органына бағыну, кадрлық резервті дайындау кезінде туындайтын, барлық мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді»,- деп азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков ойлайды.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылармен тиісті ұсыныстар жасалып, олар Жоғарғы Соттың жұмыс тобына жөнелтіледі.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі