Архив событий

18/10/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтiру), айыпталып сотқа берілген Л.Зыряноваға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

18/10/2016
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, Л.Зырянова өзінің жолдасы С.Воложанин және ұлымен бірге үйінің қонақ бөлмесінде алкогольдік ішімдік ішкен. Алкогольдік ішімдік ішу барысында Л.Зырянова мен С.Воложанин арасында ұрыс-жанжал туындап, олар ас бөлмесіне барған, сол жерде С.Воложанин Л.Зырянованың бетіне және денесіне соққы келтірген

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есiрткi затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) қылмыстық іс қаралды

18/10/2016
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, А.Шахмуратова, лақап аты «Рыжая», қылмысты тергеп тексеруге жәрдемдескен «Фантомас» бүркеншік есімді тұлғаға аса ірі мөлшердегі «героин» есірткі затын 3000 теңгеге өткізген

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

18/10/2016

Жамбыл облысы  Тараз қаласы  №2 сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының  1-бөлігімен (ұрлық) айыпталып сотқа берілген Б. қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

Күрмеліп петля жасау

18/10/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 110-бабының  2-бөлігі 1,2-тармақтары – «Қинау, яғни көрiнеу кәмелетке толмаған екі адамға қатысты ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату»,  121-бабы 4-бөлігі – «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып көрінеу жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер»,99-бабы 2-бөлігі 3, 10, 14-бөліктері – «Адам өлтiру, яғни көрінеу кәмелетке толмаған адамды  дәрменсіз күйін пайдалана отырып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан күйде құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату» бойынша айыпталған С. Байтаковқа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

 

Талас аудандық сотында «Талап арыздарды қайтарудың, сот өндірісіне қабылдаудан бас тартудың заңдылығы мен негізділігі» тақырыбында судьялар арасында семинар өткізілді

18/10/2016
Судья М.Байтасова өз баяндамасында талап қою арызын бас тартудың негіздері ҚР АПК-нің 151, бабында ал талап қою арызын қайтарудың негіздері ҚР АПК-нің 152- бабында көрсетілгенін айтты.Талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, судья талап қою арызын қайтарады. Соттың талап қоюды қайтару туралы ұйғарымына  апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін оның шешімі  түпкілікті болып табылады деп талап қоюды қайтару негіздеріне тоқталды

«Медиацияның негіздері» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

18/10/2016
Іс-шараға судья Д.Толенбеков,  БАҚ-тың өкілі Д.Умбетиярова, кәсіби емес медиатор О.Елеукулов, Сарысу ауданы әкімінің аппаратының өкілі К.Алдабергенов, Жаңатас көпсалалы колледжінің   директоры  Н.Туйтебаева, директордың орынбасарлары Л.Елешева мен Д.Сарымбетова және арнайы  пән оқытушылары мен  студенттер қатысты

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Д.Мәуленов «Әкімшілік жаза: түсінігі, түрлері, ерекшеліктері» тақырыбында «Қазақстан-Тараз» радиосына «Заң және біз» хабарында интервью берді

18/10/2016
Интервью барысында тыңдаушыларға әкiмшiлiк жаза ұғымы, мақсаттары және түрлері түсіндірілді. Сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған үшiн қандай әкiмшiлiк жазалар қолданылатыны сөз болды