Жұмысқа сот шешімімен қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында талап қоюшы К.А. жауапкер «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне бұйрықты заңсыз деп тану, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын өндіру туралы еңбек дауы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы 30 мамыр 2014 жылы «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің бұйрығымен матрос-құтқарушы лауазымына қызметке алынып, онымен еңбек шарты жасалған.  «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің 2015 жылғы 01 шілдедегі №1 ж/қ бұйрығымен құтқарушы лауазымына тағайындалған.Талап қоюшы К.А. «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің 2016 жылғы 17 ақпанындағы №8 ж/қ бұйрығымен ҚР Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес, яғни еңбек шартын жасасу кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған мәліметтер ұсынған деген негізбен жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығарылып, онымен еңбек шарты бұзылған.
Сот шешімімен талап қоюшы К.А. жауапкер «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне бұйрықты заңсыз деп тану, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын өндіру, моралдық зиянды өтеу туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің К.А. жұмыстан бостау туралы 17 ақпан 2016 жылғы №8 ж/қ бұйрығы заңсыз деп табылып, күші жойылып жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар талап қоюшы К.А. пайдасына амалсыз бос жүрген уақыты үшін және  моральдық зиян өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі