Жуалы аудандық сотында «Мемлекекеттік тілде дайындалған сот шешімдері мен іс жүргізу құжаттарының сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, судья А.А.Замбаев  және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Іс шараны аудандық соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев ашып, соттардың сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің мәртебесін кеңінен қолданудың бүгінгі күнде басты міндеттердің бірі болып отыр, өйткені аталған мәселе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының күнделікті бақылауында тұр. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстары қазіргі таңда негізгі бағыт екенін, мемлекеттік тілдегі сот актілері мен сот құжаттарына қойылатын талаптар келешекте тек өсетінін атап өтті.
Семинар шеңберінде А.А.Замбаев тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оның аясын кеңейту мақсатында жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізіп, мемлекеттік тілді сот ісін жүргізуде белсенді қолдануды және сот құжаттарын дайындау кезінде қателіктерге жол бермеу керектігін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылармен жоғарыда аталып өткен мәселе бойынша  мемлекеттік тілді қолдану аясын сот ісін жүргізуде кеңінен қолдануын дамыту мен жітістіктерін талқылау бойынша мақсаттарды одан әрі жалғастыру туралы өзара пікір алмасты.
     
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі