Жер дауы медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында, талап қоюшылар М., Б., С.,А., М., Б.,К., А., Ж., Ж., Д., Д. және А-тың жауапкер шаруа қожалығының басшысы И.-тен  жер үлестерін бөліп беруді және жер актілеріне сай сызбасына келісімін тиісінше рәсімдеп беруді міндеттеу туралы азаматтық  ісі қаралды.
Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп, оның шарттары бойынша жауапкер 01.09.2017 жылға дейін талап қоюшылардың  жерлерін барлығын мүмкіндігінше бір жерден топтастырып беруге міндеттенеді. Жеке меншігіне жер учаскесін беруге міндеттенеді. Талап қоюшылар арыздарынан бас тартып, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Процестік Кодексінің 277 бабына сай егерде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе, сот іс бойынша өндірісті қысқартады.         
Азаматтық іс өндірісімен қысқартылды. Мемлекеттік баждар талап қоюшыларға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі