«Жекеше айыптау істері бойынша құжаттарды рәсімдеу және сот кабинеті арқылы жолдау» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында жергілікті полиция қызметінің бастығы және учаскелік инспекторлардың қатысуымен «Жекеше айыптау істері бойынша  құжаттарды рәсімдеу және сот кабинеті арқылы жолдау» туралы тақырыбына семинар сабағы  өтті.
Іс шара барысында сот төрағасы  А.Дәуренбеков  қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жекеше шағым бойынша Қылмыстық-процестік кодексінің 408-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай келмеуіне байланысты іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылғанын баяндай отыра учаскелік инспекторлардың жекеше айыптау шағымдарын жолдау барысындағы кемшіліктері туралы айтып өтті.
Семинар барысында кеңсе меңгеруші Ш.Утеева Меркі  аудандық сотында «Сот өндірісіне «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы жеке айыптау туралы шағымдарды  электронды түрде жолдауға мүмкіншілік бар екенін айтып, нақты түрде көрсетті. 
 
Қайнар: Меркі  аудандық сотының баспасөз қызметі