Архив событий

28/03/2017

Кәмелетке толмағанға темекi бұйымдарын сатқандығы үшін айыппұл салынды

28/03/2017
Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 133-бабы 1-бөлігімен қозғалған  С.И-ға  қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы іс қаралды.

Ата-аналар балаларына тәрбие беруге міндетті

28/03/2017

Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ӘҚБтК-ң 127-бабы 1-бөлігімен     құқық бұзушы С.В-ға  қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы іс қаралды.

 

Мәжбүрлеп емдеуге жолданды

28/03/2017
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны» азамат Г-ны наркологиялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Мәжбүрлеп емдеуге жолданды

28/03/2017
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны» азамат М-ны наркологиялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қарыз ақшаны өндіру жайлы дау сот медиациясы арқылы шешілді

28/03/2017

Тараз қалалық соты талап қоюшы Ш. жауапкер А. қарыз сомасын өндіру туралы дауды медиация тәртібімен шешті. Талап қоюшы сотқа жауапкер А. 07 қараша 2016 жылы 590000 теңгені ай сайын 20 пайыз мөлшерде өсім ақы төлеп тұрамын деп қарыз алған. Алайда жауапкер А. аталған соманы осы күнге дейін қайтармаған, сол себепті талап қоюшы Ш. сотқа жүгінген.

 

Кезекті отбасылық жұп медиативтік келісімнің арқасында сақталып қалды

28/03/2017

Талапкер Г. Тараз қалалық сотына талап қою арызымен жүгініп, онда жауапкер Г.-мен 2007 жылы неке тұрғандарын, осы некеден екі баласының бар екенін, жауапкермен мінездері үйлеспегендіктен бір отбасында тұра алмайтынын көрсетіп, некені бұзуды сұраған.