Архив событий

31/03/2017

Таразда әкімшілік құқық бұзушылық істерін және құжаттарды дұрыс рәсімдеу сұрақтарын талқылады

31/03/2017
Жамбыл облыстық сотының бастамасымен «Әкімшілік құқық бұзушылық істерді және хаттамаларды рәсімдеудің негізгі кезеңдерін талқылау» тақырыбында облыстың жергілікті соттарының судьяларының, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау органдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

272 280 теңге көлемінде айыппұл салынды

31/03/2017
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 610-бабының 3-бөлігімен, 611-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.        

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот жасауылы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

31/03/2017

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот жасауылы Б.Бекенов облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында сұхбат берді. Эфир барысында Б.Бекенов сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, көпшіліктің соттарға және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілерін шеттету үшін ескерту, алдын алу жұмыстарын белсенді түрде өткізу қажеттілігін атап өтті.

«Медиация-пилоттық жаңа жоба»

31/03/2017
Сарысу аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық  орталықтандырылған  кітапхананың оқу залында «Медиация-пилоттық жаңа жоба»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.