Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай  аудандық сотында азаматша М.-ға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 130 бабының 1 бөлігі, 131 бабының 1 бөлігімен (Жала жабу және қорлау) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы М. жәбірленуші  И.-ға жала жауып, яғни абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан  және қорлап, яғни  абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткен.
Басты сот талқылауында тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты, жәбірленуші И. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Қордай  аудандық сотының қаулысымен М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 130 бабының 1 бөлігі, 131 бабының 1 бөлігімен  теріс қылық жасау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Қордай  аудандық сотының баспасөз қызметі