Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында П-ға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.
Меркі ауылының тұрғыны сотталушы П. жәбірленуші И.-ды ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот процесі барысында тараптар медиация тәртібімен бітімгерлікке келді. Тараптар П.-ға қатысты қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Меркі  аудандық сотының қаулысымен П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы теріс қылық жасау бойынша қылмыстық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
 
Қайнар: Меркі  аудандық сотының баспасөз қызметі