Жамбыл облысының соттары Балаларды қорғау күні мерекесіне орай қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балалар күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық соты қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Сатылған макулатура мен сот қызметкерлерімен дайындалған кондитер тағамдарын сату жолымен түскен ақша қаражаты ауыр дәреженің үстіндегі аппалачтық қаназдықпен, Пирсон синдромымен, бүйрек туболапатиясымен (бүйрек жеткіліксіздігі) ауыратын Ұтжанов Оразалының есеп шотына аударылды.
Облыстың 16 соттарымен де бір қатар қайырымдылық акциялары өткізілді.
Осы күні Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен сот қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі комуналдық мекемесінде  болды. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының білім басқармасының тапсырысымен «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігі де қатысты.
Іс-шара барысында 38 тәрбиеленушілерімен мерекелік концерт ұйымдастырылып, ән, би өнерлерін  көрермендерге паш етті.
Мерекелік концертке қатысқан оқушыларға «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігімен спорттық киімдер мен құралдар сыйлыққа берілсе, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен дайындалған түскі асқа дәмді кәуап, дастарханның көркін ашатын дәмді тағамдар және тәті балмұздақтар таратылды.
Мереке соңында мекеме оқытушылары мен балалары өз кезегінде сот ұжымы мен «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігіне алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.
Тараз қалалық сотының ұжымы осы тамаша мерекемен балаларды құттықтап, балаларға ойыншықтар, кеңсе заттары мен сөмкелер сыйлады.
Балаларды мерекемен құттықтау Тараз қалалық сотының ұжымына жақсы салт болды.
Осыған орай, осы жылы Утегеновтер отбасының балаларын құттықтады. Соттың ұжымы барлық балаларды шын жүректен аталған мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ашық аспан және жазғы демалыстарын жақсы өткізуді тіледі.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы алты бала тәрбиелеп отырған Ахметовтердің отбасымен кездесіп қайтты.
Кездесу барысында судья Л.Ильясова және соттың мамандары  сот ұжымының атынан балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтар мен тәттілер табыс етіп, балаларға зор денсаулық тіледі.
Халықаралық балалар күні бұл өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, әрбір баланың білім алып, тәрбиеленуіне тең құқығын және бейбіт өмірін қамтамасыз ету үшін қоғамды жұмылдыру мақсатында аталып өтілетін керемет мереке, сондай-ақ, ол бала құқығын құрметтеу, қорғау, олардың әл-ауқатты мен адамгершілігінің жоғары болуы әділ қоғамның қалыптаусының кепілі болып табылады деп, судья Л.Ильясова атап өтті.
Кездесу соңында Ахметовтер отбасы көңіл бөлгендері және қамқорлық жасағандары үшін алғыстарын білдірді.
Тараз қаласы №2 сотының ұжымы мұқтаж отбасынан шыққан балаларды мейрамдарымен  – Балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Өз құттықтауында Тараз қаласы №2 сотының судьясы С.Дмитриева, ескі және жақсы дәстүр бойынша жаздың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілетінін, бүгінгі күн толықтай біздің Отанымыздың кішкентай азаматтарына арналғанын және олар біздің қорғауымызға және қолдауымызға мұқтаж екенін атап өтті. Барлық балаларды осы тамаша мерекемен құттықтай отыра, оларға дендерінің сау, ғанибетті, мейірімді болып өсуін, шынайы достықты түсінуді және үйренуді тілек етті! Бірде бір бала оның құқығы мен бостандығының бұзылуынан азап шекпеуін, олардың әрқайсысының білім және медициналық көмек алуға мүмкіндігі болуын,  бақытты болуларын және үлкен мәселелерді білмеуін, ал ересектер өз кезегінде балалардың армандарын іске асыруға көмектесуін, олардың балалық шағын шын мәнінде бақытты қылуын тіледі!
Тараз қаласы №2 сотының ұжымы балаларға сыйлықтар табыс етті.
Балалар шын жүректен қуанып, Тараз қаласы №2 сотының ұжымына алғысын білдіріп, Отанға және халыққа қызмет етудің жемістілігін тіледі.
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында балаларды қорғау күнін мейрамдау қарсаңында қайырылымдылық іс-шарасы өткізілді.
Cудьялар және сот қызметкерлері Жамбыл ауданы Аса ауылының кішкентай тұрғыны, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Көшен Арман Данабайұлын мейраммен құттықтады.
Сот төрағасы А.Мадемаров балалар – біздің әлемдегі бар нәрсенің ең кереметі, олардың күлкісі адамдарды бақытты және мейірімді ететінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл мейрам үлкендерге балалардың тәрбиесі және болашағы үшін олардың жауапкершілігі туралы еске салу екенін айтты.
Судьялар Арманға бақытты балалық шақ, ұмытылмас әсерлер, денсаулық, кемел болашақ тілеп, оған бағалы сыйлықтар тарту етті.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық іс-шарасына  қатысты.
 Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Сарсенбиева және соттың кеңсе меңгерушісі Г.Киташова Жетпісбаевтардың отбасымен кездесті.
Жетпісбаевтар  отбасы  церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 8 жасар Аруна есімді мүгедек баланы тәрбиелеуде. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының атынан  қаржылай материалдық көмек көрсетілді.
Көрсетілген көмек үшін  Наталья Геннадиевна Жетпісбаева  Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымына өз алғысын білдірді.
Байзақ аудандық сотының ұжымы Балаларды қорғау күні мерекесімен көп балалы отбасын құттықтады.
Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Байзақ аудандық сотының ұжымы Дихан ауылының тұрғыны көп балалы ана Алтынайды  құттықтады.
Іс-шара барысында ұжым қызметкерлері балаларға болашақта табыс, оқуда жақсы жетістіктер, денсаулық, ең басты армандарына жетулеріне, өмірлерінде өз орындарын табуға тілек білдіріп, бағалы сыйлықтарды табыстады.
Жамбыл аудандық сотында арнайы мерекелік шаралар өткізілді.
Аса ауылының тұрғыны  Е.Байымбетов пен Ж.Сейдалиеваның отбасы көп балалы отбасы болып табылады, отбасында жеті бала тәрбиеленуде. Балалардың үлкені он жаста болса, кішісі бір жаста. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Е.Байымбетов зауытта көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді, ал зайыбы   Ж.Сейдалиева үй шаруасында, балалардың тәрбиесімен айналысуда.
Аудандық соттың ұжымы  балаларды қорғау мерекесі қарсаңында  осы отбасындағы жас бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, балаларға қажетті әртүрлі сыйлықтар мен тәттілер таратып, отбасына материалдық көмек көрсетті. Балалардың қуанышында шек болмады, олардың анасы Ж.Сейдалиева соттың ұжымына алғысын білдірді.
Жуалы аудандық сотының ұжымы қазіргі таңда жағдайы төмен отбасыда, жалғыз өзі төрт баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ананы «1 маусым» - балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, кішкентай балаларға арналған киім-кешек пен тәтті тағамдар және сыйлықтар мен ойыншықтар берді. Жуалы аудандық соты үшін жылда балаларды қорғау күні мерекесі «1 маусым» күні қарсаңында, балаларды құттықтау дәстүрге айналған. Қайырымдылық акцияның басты мақсаты, өсіп келе жатқан балаларға ерекше көңіл аудару.        
Көп балалы ана үлкен ризашылығын білдіріп, сот ұжымына қызмет бабында үлкен табыстар тіледі.
Талас аудандық сотының судьялары Л.Дукенбаева мен М.Байтасова ұжымның атынан балалар үйінен ата-анасы бас тартқан бес балаларды қамқорлығына алған Алтынай Тапелованы мерекемен құттықтады.
А.Тапелова балаларды тәрбиелеу үлкен жауапкершілік екенін, олардың жақсы азамат болып өсуі үшін қолынан келген бар жақсылығын аямайтынын айтып, өз кезегінде балаларына сыйлық жасап, қаржылай көмек көрсеткен сот ұжымына алғысын білдірді.
Қордай аудандық сотында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қордай аудандық сотының төрағасы және судьялары жетім баланың қамқоршысымен кездесті.
К.Умированың казіргі таңда қамқорлығында кәмелетке толмаған 2004 жылы туылған Умиров Даниял атты немересі тәрбиеленуде.
Сот төрағасы С.Тұрғынбаев жасөспірім баланы келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оқуына сәттілік және жазғы демалыста жақсы демалуын, сонымен қатар қамқоршы-әжесіне өз алғысын білдіріп, зор денсаулық және кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу үшін шыдамды болуын тіледі.
К.Умирова сот төрағасына және судьяларға көрсетілген көмектері үшін өз алғысын білдірді.
Шу аудандық сотының ұжымы «Бар мейірім – балаларға!» мерекелік қайырымдылық акциясы аясында жағдайы аз қамтылған, көп балалы Нұрхалықовтар отбасындағы балаларға көмек көрсетті.
Сот ұжымы балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, оқуда озат және жазғы демалыстарын көңілді өткізулеріне тілектестігін білдірді. 
Сот ұжымы атынан балаларға сыйлықтар, тамақ өнімдері мен тәтті торт табыс етілді.
Өз кезегінде, көпбалалы отбасы көңіл бөліп, көмек көрсеткені үшін сот ұжымына ризашылығын білдірді.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Құлан ауылында пәтер жалдап тұратын және алты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Бекмахановаға материалдық көмек көрсетті.
Судья Л.Байтленова балаларға бақыт, денсаулық,  шаттық тілеп, оларға тәттілер мен ойыншықтарды тарту етті.
Мойынқұм  аудандық сотының ұжымы, Мойынқұм ауданы Күшаман ауылдық округіндегі  «Амангелді» орта  мектебіне  барды.
Сот ұжымы балаларды атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Сарысу аудандық соты үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған  ана  Г.Жолдасбекованың үйіне арнайы барып балаларды қуантып қайтты.
Соттың төрағасы Н.Андабеков балаларды мерекелерімен құттықтап, мықты  денсаулық, ашық аспан, бақытты жарқын балалық өмір тіледі. Соттың қызметкерлерімен қажеттіліктеріне материалдық көмек көрсетіліп, сыйлықтар ұсынылды.
Іс-шара соңында,  аяулы ана Г.Жолдасбекова шексіз ризашылығын білдіріп, сот ұжымына денсаулық, жұмыстарында абырой тіледі.
Меркі аудандық сотында  1 маусым балаларға арналған ең жарық мейрам атап өтілді.
Меркі аудандық сотымен Меркі ауылындағы станцияда пәтер жалдап тұратын және бес кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты оралман - ана К.Әбдіраимованың жанұясына материалдық көмек көрсетілді.
Сот ұжымының атынан материалдық көмек көрсетілді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі