Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Сотқа М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің заң факультетінің білімгерлері мен заң ғылымының магистры аға оқытушы А.Ж.Кардыкулов келді.
Судья Е.З.Тажибаев білімгерлерге Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының құрылу тарихы жайлы, азаматтық істерді қарау ерекшеліктерін айтып өтті.
Білімгерлер сот кеңсесінің қызметімен, сот залдарымен танысты, сондай-ақ «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері мен жаңалықтары туралы білді. Сонымен қатар, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысының тәртібі жөнінде,  ішкі құжат және кіріс-шығыс құжаттарын жасау, азаматтық, қылмыстық істерді тіркеу, оларды электрондық карточкаларға толтыру  туралы кеңінен түсіндірілді. 
««Төрелік» ақпараттық жүйесінің мақсаты – процеске қатысушылардың іске қатысты қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. «Төрелік» жүйесі ақпараттық мәліметтерді жедел алмасуды қамтамасыз етіп,  автоматтандырылған есепке алу, процессуалдық мерзімдердің сақталуын бақылау, статистикалық және талдау есептерін құру, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді жеңілдетуді іске асырады» - деп атап өтті судья Е.З.Тажибаев.
Шара соңында оқытушымен білімгерлерге нақты сұрақтарға жауаптар берілді.
                                                                                  
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі