Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қол жетімді жеңілдетілген сот» тақырыбында семинар сабағын өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс шараға сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, судья А.Бексұлтанова, Кеңсе меңгеруші Р.Әбдіқұлов, бас маман Ж.Шыршықбаев, бас маман –сот мәжілісінің хатшылары С.Әбілдаев,А.Адилов, жетекші маман А.Шымырбаев сот приставы Б.Қамбатыров, психолог А.Қойбақова, мұрағатшы Г.Жақсыбаева қатысты.
Іс шара барысында  сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, соттың құжаттары мен хабарламаларымен танысу үшін интернет желісі арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ресми сайтынан (sud.kz) көруге болатындығын айтып өтті.    
Аталған ресми сайтқа  қол жеткізу үшін  СТТН  және  кіру үшін құпия сөзді енгізу қажет. Сотқа қатысушылардың ұялы байланытарына немесе электронды пошталарына  SMS хабарламасы арқылы «құпия сөзі» жолданады.     
Сонымен қатар, Интернет желісі негізінде азаматтар, оның сенімді өкілдері немесе қорғаушылар сот кабинетіне кіру арқылы  кез келген уақытта  істің тарихы мен қозғалысын  көріп, басып шығарып алуға мүмкіндіктері бар.
Ал, сот кабинетіне кіруіне қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы  электронды сандық  қолтаңба алу ұлттық орталығынан  куәландыру тиіс.
Аудио бейне құрылғысының арқасында кез келген уақытта  Интернет желісі арқылы бейнежазбамен және электронды сот отырысының хаттамасымен танысуға мүмкіншілік Сот кабинетінде орналастырылғандығын айтып өтті.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі