Жамбыл облысының экономикалық сотында сот отырысында бейне және дыбыс жазу құрылғыларын қолдану бойынша туындаған мәселелерді талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі Г.Киташова мен сот қызметкерлерінің қатысуымен сот отырысында бейне және дыбыс жазу құрылғыларын қолдану бойынша туындаған мәселелері талқыланды.
Белгіленген тақырыпта соттың кеңсе меңгерушісі Г.Киташова өз баяндамасында, Ұлт жоспары – мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамына сәйкес сот жүйесін жақсарту мақсатындағы көрсетілген қадамдарының бірінде барлық сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін міндетті түрде енгізу қажет болып табылатынын атап өтті. Жаңа аудио-бейне жүйесін қолдану сот әділдігіне қол жетімділігін және ашық болу денгейін көтеріп, сотпен және сот отырысының қатысушыларымен заң қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, сот жұмысын оңтайландыруға, сот отырысының өткізілу тәртібінің сақталуы бойынша сұрақтарды объективті шешуге ықпал тигізетінін айтып түсіндірді. 
Жазылған прецесті сақталған компакт дискті кез-келген компьютермен көруге мүмкіндік бар.
Аудио-бейне жүйесінде жазылған ақпараттарды редакциялауға мүмкіндік жоқ.
Семинар соңында кеңсе меңгерушісі Г.Киташова тақырып бойынша алдағы жұмыс барысында сот отырысының барысы түсірілген дискілерді уақытылы жаздырып, іске тіркеуді, сонымен қатар, іс тізімдемесіне бейнетаспаны енгізу қажеттігін қатаң ескертті.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі