Жамбыл облысының экономикалық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн сот отырысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі Н.Кашкеева Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына хат жолдап, Тараз қаласының аумағында тұратын талапкердің өкілімен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуді қамтамасыз ету туралы сұраған.
Істі тиісті түрде қарау және созбалаңдыққа жол бермеу мақсатында талап қоюшы ЖК «Мастер Строй» жауапкер «Балхаш қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-не келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеу туралы азаматтық ісі бойынша Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Тараз қаласының аумағында тұратын талапкердің өкілінің сотқа келіп, түсінік беруін қамтамасыз етті.
Талапкердің өкілінің түсініктемесін тыңдау  жаңа технологиялардың қолданылуымен, яғни бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіліп, яғни, сот ісін жүргізуді елеулі түрде оңайлатып және де енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігін жоғарылатып отыр.
Осындай жағдайлар сот билігінің дамуының дәлелі болып табылады, сонымен қатар сот төрелігінің объективтілігі мен ашықтығын дәлелдеп, азаматтардың орналасқан жері мен материалдық және қаржылық мүмкіншіліктеріне қарамастан олардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. 
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі