Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің білімгерлеріне арнап кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Маликова М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының білімгерлерімен  кездесу өткізді.
Іс-шара барысында судья А.Маликова алқаби – бұл соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы екенін түсіндірді.
Судья студенттерді «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 16 қаңтар 2006 жылғы Заңымен, сонымен қатар қылмыстық істерді қарауда алқабилердің қатысу тәртібіне қатысты Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Судья қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктерін жан-жақты айтып өтті. Қылмыстық істі қарау кезінде ең маңыздысы, алқабилер отырысына үміткерлерді  дұрыс және мұқият іріктеу болып табылатындығы, алқабилер тізімін құру барысында үміткерлердің сотталмағандығын, құқықбұзушылық және наркологиялық, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмау фактілерін назарға алу қажетігі айтылды. 
Судья студенттерге сот отырысы залдары мен алқабилерге арналған демалыс бөлмелерін көрсетті.
Іс-шараның соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оған жауаптар алды.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі