Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабын қолдану ерекшеліктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді (ары қарай мәтін бойынша ҚР ҚК-нің).
Іс-шараға сот төрағасы А.Тлепов, судьялар А.Маликова, Л.Ильясова, Жамбыл облысы прокуратура басқармасының прокуроры А.Избанова қатысты.
Іс-шара барысында судья А.Маликова ҚР ҚК-нің 55-бабымен қарастырылған жағдайлар бар кезде жаза тағайындаудың ерекшеліктерін түсіндірді және қылмыстық іс бойынша заңды және әділ жаза тағайындау азаматтардың құқықтарын, қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерін және мемлекетті қауіпті қоғамдық қолсұғушылықтан қорғаудың кепілі екенін, сонымен қатар жаңа қылмыстардың алдын алуға септігін тигізетінін және қоғамның заңға құрметпен қарауын қалыптастыратындығын айтты.
Іс-шара қатысушылары қылмыстық заңмен белгіленген санкцияның төмен жазасын тағайындау туралы мәселелерді талқылады.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасты және тиісті түсініктемелер берілді.
Іс шара қорытындысы бойынша қатысушылармен қылмыстық істерді қарау барысында ҚР ҚК-нің 55-бабының талаптарын бұлжытпай қолдану туралы шешім қабылданды.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі