Архив событий

01/08/2017

Экономикалық соттың судьясы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

01/08/2017
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Қожантаева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Медиация – татуласуға тура жол» тақырыбында сұхбат берді

Мойынқұм аудандық сотында «Сот бұйрығын шығару туралы арызды электрондық форматта қарау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

01/08/2017
Мойынқұм аудандық сотында сот кеңсесінің жетекші маманы А.Абас, «Қазақтелеком» КММ-нің сектор меңгерушісі Л.Оспанова, қорғаушы О.Ахмет, жергілікті кірістер басқармасы өкілі Е.Ошақбаев және БАҚ өкілі Т.Сарыбаевтің қатысуымен  «Сот бұйрығын шығару туралы арызды электрондық форматта  қарау» тақырыпта семинар сабағы өтті

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

01/08/2017
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Оразымбетов облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Медиация институты - даулардың бейбіт шешілуінің жолы» тақырыбында сұхбат берді

Қордай аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

01/08/2017
Қордай аудандық сотында аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді

Байзақ аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

01/08/2017
Байзақ  аудандық сотында азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру нәтижелерін талқылау жөніндегі  дөңгелек үстел өткізілді

Тараз қаласы №2 сотының ұжымы судья Алтыншаш Қорабаеваны салтанатты түрде құттықтады

01/08/2017
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Н.Жамашов, сот ұжымы атынан А.Қорабаеваны республикалық конкурста «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» номинациясында бірінші орынды иеленуімен құттықтады

Бейнебайланыс режимінде жауап алу

01/08/2017
Мойынқұм аудандық сотында талап қоюшы «Банк» АҚ Сақтандыру компаньясы «Полис» жауапкерлер Н. пен М.-тен 2 121 000 (екі миллион бір жүз жиырма бір мың) қарыз ақшаны ортақ өндіру туралы талап арызының негізінде қозғалған азаматтық  ісі қаралды