Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға сот төрағасы А.Тлепов, судьялар С.Төлесбай, К.Кенжебеков, А.Маликова және Л.Ильясова қатысты.
Алқаби – соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.
Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасымыз алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санатын ұлғайту туралы міндеттер қойған болатын.
Семинар барысында судья С.Төлесбай баяндама жасады және Қазақстандағы алқабилер соты – бұл бір кәсіби судьядан және 12 азаматтан тұратын сот жүйесінің институты. Заң бойынша алқабилердің қатысуымен, ҚР Қылмыстық Кодексінің кейбір баптарын қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істер қаралады. Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімнің әділдігінде. Сондай-ақ, төрағалық етуші және алқабилер барлық сұрақтарды шешуде бірдей құықтарға ие. Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің мақсаты – қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығаруда ұтымды да, тиімді жолдарын қарастыру және пайдалану, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға ат салысу, азаматтардың мүдделерін заң талаптарын бұзуы әрекеттерінен қорғау, сонымен қатар, адамдардың құқығы мен бостандығы және заңды мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғау болып табылады, деп атап өтті.
Іс-шара соңында сот төрағасы А.Тлепов сот төрелігін іске асыруда алқабилердің қатысуы қоғамды демократияландырудағы негізгі элемент болып табылатындығын айтып өтті.
Сонымен бірге семинар барысында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қазіргі кезеңде конституциялық-құқықтық мәселе» тақырыбында жасалған баяндама тыңдалды және талқыланды.
Баяндама жасаған судья С.Төлесбай сыбайлас жемқорлық және онымен күрес мәселесі практикалық және ғылыми тұрғыдан да зерттелуі қажет. Мәселенің терең және жан-жақты зерттелуі, әрине өз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесін, ел экономикасын, негізгі фактор ретінде қоғамның жағдайын дамытуға әсер етіп, сыбайлас жемқорлықтың ұлғаю үрдісінің бетін қайтаруға және кеңінен етек алуына шара қолданудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді, деп айтып өтті.
Қорытындылай келе, сот төрағасы А.Тлепов біздің қоғамымызда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Барлық азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіре отырып, жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылға қол жеткізуге болады. Тек осылай ғана біз барынша бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз, деп атап өтті.
Іс-шараның соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оған жауап алды.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі