Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің білімгерлеріне арнап «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының білімгерлерімен  «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара барысында сот төрағасы А.Тлепов білімгерлерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қызметі, қылмыстық істер бойынша сот отырысын жүргізу тәртібі, қылмыстық істердің алқабилердің қатысуымен қаралу ерекшеліктері, сондай-ақ соттармен қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар туралы хабардар етті.
Білімгерлерді дыбыс-бейне жүйесімен таныстыру барысында сот төрағасы А.Тлепов, Ұлт жоспары – мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамына сәйкес, сот жүйесін жақсарту мақсатындағы көрсетілген қадамдарының бірінде барлық сот отырыстарында дыбыс-бейне жүйесін міндетті түрде енгізу қажет болып табылатынын атап өтті.
Жаңа дыбыс-бейне жүйесін қолдану сот әділдігіне қол жетімділігін және ашық болу денгейін көтеріп, сотпен және сот отырысының қатысушыларымен заң қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге, сот жұмысын оңтайландыруға, сот отырысының өткізілу тәртібінің сақталуы бойынша сұрақтарды объективті шешуге ықпалын тигізетінін айтып түсіндірді. 
Сот төрағасы А.Тлепов білімгерлерге соттың ғимаратына саяхат жасатып, сот жұмысы және сот отырысы залдарымен таныстырды, сонымен бірге іс-шараға қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында болашақ заңгерлерге Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тәжірибеден өтуге ұсыныс жасалды.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі