Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Онлайн-конференциясын өткізу туралы белгіленген күннің хабарландыруы алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсында және телевизияда жарияланды.
Осыған байланысты Жамбыл облысының әр-бір тұрғыны сағат 09.00 ден 13.00 ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтында төраға блогындағы «сұрақ-жауап» платформасына соттар жұмысына, сөт өндірісіндегі істерге, сот әділдігін орнату, оның ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысты қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болған.
Берілген мүмкіндікпен өздерінің сұрақтарын жіберген, облыстың төрт тұрғыны пайдаланды, сондай-ақ блогқа Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциалық сот алқасының атына интернет-ресурс және электронды пошта арқылы алғыс келіп түсті.
Түскен сұрақтар Р.Алшынбаевтың жеке бақылауына алынып, кешіктірілмей жауаптар берілді, онлайн-диалогтың қатысушылары қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс тұрғындарымен онлайн-кездесулерді Р.Алшынбаев тұрақты түрде әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіп отырады.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі