Жамбыл облыстық сотының оқу орталығымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлнәр Асылбек, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы  Тахмина Султанова, Жамбыл облыстық прокуратурасының  басқарма прокуроры Е.Тұрғынбайұлы, Тараз қалалық прокуратурасының  бөлім прокуроры  И. Сәттибаева, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның инспекторы Г. Есенбекова, Жамбыл облысы ІІД –нің кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекция бастығы полиция подполковнигі  Қ.Қалжанов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы М. Керімбеков,  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы  Р.Убайдуллаева, Жамбыл облыстық зорлық-зомбылық қауіпі салдарынан қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» КММ-ның директоры Ж. Калыбекова, «Паритет»  медиация  және заң  орталығының директоры К. Данабаева және БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Іс-шараны дөңгелек үстелдің модераторы Г.Асылбек ашып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2017 жылдың ақпан айынан бастап «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесінің» жобасы іске асырылып жатқандығын,  пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын түсіндіріп  өтті. Сондай-ақ, пилоттық жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау. Атап айтқанда, медиация жүргізу болып табылатын даулалардың (жанжалдардың) санаты: баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы,  баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159 бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары; мұрагерлік; көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы; пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша; некені бұзу және мүлікті бөлу туралы; қарыз келісімшарттары бойынша; сақтандыру.
Т. Султанова өзінің баяндамасында   кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында   пилоттық жоба іске қосылған сәттен баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы,  баланы басқа адамдардан тартып алу туралы санаттар бойынша істер қаралуда екендігі жайында атап айтты. Атап айтқанда, пилоттық жоба іс жүзінде қолданыста. Содан кейін «Паритет»  медиация  және заң  орталығының   директоры К.Данабаева «Медиация және отбасылық шиеліністер» атты тақырыбында баяндама жасап шықты.
Дөңгелек үстелдің соңында  қатысушылар пилоттық жобаның мазмұны бойынша пікір алмасып, ұсыныстар келтіріп, пилоттық жоба бойынша сұрақтаға  судьялар  тиісті  жауаптар берді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі