Жамбыл облыстық сотында судьялыққа үміткерлермен және соттардың мамандарымен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Кездесуді модератор ретінде қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.М. Абидов ашып, іс-шараға облыстық соттың судьясы, судья әдебі бойынша Комиссиясының төрағасы М.Атибеков, облыстық соттың судьясы, Оқу орталығының үйлестірушісі Г.Асылбек, кадр қызметінің қызметкерлері қатысты.
Сот алқасының төрағасы Н.М. Абидов қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда, президенттің екінші реформасы «Заң үстемдігін қамтамасыз ету», сот жүйесінің жұмысы және судьяларды іріктеудің жүйесі жетілдірілуде екендігін айтып, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарға жан-жақты тоқталып өтті. Судья лауазымына біліктілік емтиханының тапсырылу сапасына; соттардағы меритократия қағидасына, судьялардың кепілгерлік институтына, судьялыққа үміткерлерге ақы төленетін бір жылдық тағылымдамасына, судьялыққа үміткерлердің полиграфиялық зерттеулеріне қатысушылардың назарын аударды.
Сот мамандарына судья мамандығын мұқият, жауапкершілікпен таңдауды ұсынды.
Жамбыл облыстық сотының судья әдебі бойынша Комиссия төрағасы М.Атибеков судья әдебі Кодекісіне сәйкес судьяларға қойылатын талаптарды түсіндіріп, мамандарға өздерінің кәсіби қызметтерін мінсіз атқаруды тіледі. Қоғамдық қызметте және тұрмыста кез-келген әрекетті жүзеге асыру барысында әдепсіз қылық көрсетуге жол бермеу керектігін, себебі судья жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы қажеттігін айтты.
Оқу Орталығының үйлестірушісі Г.Асылбек судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға дайындық, оқыту іс-шараларының өткізілуі бойынша Оқу орталығының мүмкіндіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар  облыс соттарының, оның ішінде Тараз қалалық сотында, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, Мамандандырылған әкімшілік сотында, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарының базаларында да өткізілетін атап өтті. Мамандарға оқыту іс-шараларындағы қажеттіліктерді анықтау үшін Оқу орталығына жүгінуге ұсыныс білдірді. Сот мамандарына өз бетімен білім алумен айналысуды, кәсіби деңгейлерін көтеруді, бастамашылдық танытуды, ой-өрісін дамытуды, дағдыларды және талдау жасай білуді, шешім қабылдауды, адамгершілік қасиеттерді жақсартуды ұсынды.
Іс шараның соңында қатысушылар пайдалы ақпараттар бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі