Жамбыл облыстық сотында облыстық, аудандық және оған теңестірілгн соттардың судьяларымен бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотында мамандануы бойынша әкімшілік істерді қарайтын облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Жамбыл облыстық сотының судьялары Г.Сыздыкова, С.Төлесбай сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Г.Сыздыкова өз баяндамасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің ерекше бөлімінің жекелеген нормаларын қолдану барысын, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің процессуалдық нормаларын қолдану барысын, әкімшілік істерде адамның құқығын қорғау нормаларын және Халықаралық стандарттарды қолдануды жарықтандырды.
Өткізілген іс-шараның барысында әкімшілік істер бойынша сот актілерін жасауда жас судьяларға ескертулер жасалды.
Іс-шараның соңында пікір алмасулар болып және тақырыпқа қатысты күрделі мәселелер талқыланды.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі